Путин: Ресей Қытаймен ешқандай әскери одақ құрып жатқан жоқ

2149
Adyrna.kz Telegram

Ресей Қытаймен ешқандай әскери одақ құрып жатқан жоқ. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин  "Россия 24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна ұлттық порталы. 

Путин "Мәскеу мен Бейжің бірлесіп, Батысқа қауіп төндіріп тұрғанын" жоққа шығарды.

"Бұның бәрі шындыққа жанаспайды. Себебі біз Қытаймен ешқандай әскери одақ құрып жатқын жоқпыз", - деді Путин.

Алайда, Путин әскери саладағы ынтымақтастық байланыс бар екенін растады. Бірақ ол жағынан ешқандай құпия жоқ екенін айтты.

 "Иә, бізде әскери-техникалық салада ынтымақтастық бар. Оны жасырмаймыз, барлығы ашық. Ол жерде ешқандай құпия жоқ", - деп атап көрсетті Путин.
Бүгінде Ресей Қытаймен бірге әскери жаттығулар да өткізеді. Айтуынша, ондай шараларды басқа елдермен де ұйымдастырады.

Пікірлер