"Несіне қуанайын, халық қарызға өмір сүріп жатыр!": Хамитов қазақ футболын сынға алды

2760
Adyrna.kz Telegram

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңісін мойындамайтынын мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Тыңдаңыздар! Мен ешқашан Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын! Несіне қуанайын?! Айналаға қараңыздаршы. Халық 30 жылдан бері кедейшілікте өмір сүріп жатыр, жұмыссыздық белең алды, орташа жалақы 80 мың теңге, азық-түлік қымбат, медицина жоқ, адамдар қарызға батып, күн көріп отыр. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, салық төлейді, ал осының бәрі қайда кетіп жатыр!? Футболға ма? Мұндай жеңістер кімге керек, пайдасынан зияны көп болса! Егер ол халықтың ақшасын шашпай, өз күшімен жеңгенде ғана футболды құрметтей бастаймын! Қане, солай істей алатындарыңды дәлелдеңдерші! Сол кезде ғана сендер адамдардың көзінде нағыз ер-азамат болып көрінесіңдер. Ал былай... Айтпақшы, осы уақытқа дейін ауаға кеткен қанша ақшаны да қайтару керек!" - деп жазды Қуат Хамитов.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер