Тоқаевқа "жаңа" премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды

2687
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп жазады "Адырна" "Ақорда" ресми жазбасына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер