Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

1757
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал Серік Күдебаевтың елден қашқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін ол сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілуі керек болған.

Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Пікірлер