Күдебаевтың шекарадан "көрінбегені" хабарланды

2189
Adyrna.kz Telegram

Серік Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өткен жоқ.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлім етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтің (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды. Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен бірлесе отырып, тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғанын жазған болатынбыз.

Пікірлер