Авиабилеттер бағасы шарықтауының бір себебі айтылды

2056
Adyrna.kz Telegram
Laptop, plane tickets, coffee, cappuccino and credit card lies on the table. The view from the top. The concept of travel and transport
Laptop, plane tickets, coffee, cappuccino and credit card lies on the table. The view from the top. The concept of travel and transport

Әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Қазаэронавигация» РМК қызметтеріне жұмсалатын шығындар авиабилет құнының өсуіне әсер етеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының арнайы мониторинг тобының мүшесі Андрей Андреев «Голос народа» Youtube арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

2015 жылы қазақстандық компания мен «Қазаэросервис» АҚ арасында мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы 4 доплерлік метеорологиялық радиолокаторды жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Ол жерде тауарды алу және іске қосу-баптау, локтатор орнатуға арналған бағана салу жұмыстарын есептегенде әрқайсысы 484 млн теңгеге бағаланған. Алайда көп ұзамай кәсіпорын таратылады. Бір қызығы, оның орнына құрылған «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бұл қызметтерді 4 есе қымбат бағаға сатып алған.

«Бастапқыда жабдық 1,7 миллиард теңгеден сәл аз бағаланған болса, кейін бағасы 4,8 миллиард теңгеге жетті. Мәселе оның бірінші жеткізушіден алынғанында болып тұр. Яғни, баға өсіріліп сатылды. Бұл әуе билетінің құнына тікелей әсер етеді. Авиакомпания әуежайларға қашан ұшуға болады сынды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз еткені үшін ақша төлейді. Бұл қаржыны ақтау үшін әуежай берілетін ақпарат құнын өсіреді»,—деді Андреев.

Айтуынша, кейіннен «Қазаэросервис» үшін сатып алынған локаторларды 2018 жылы «VS TRADE» ЖШС 4 құрылғыны 423,7 млн теңгеден сатып алғаны анықталды. Осы 4 доплерлік метеорологиялық радиолокатор «Қазаэронавигация» РМК-ға әрқайсысы 1,2 млрд теңгеден сатылды, жалпы сома 4,8 млрд теңгені құрады. Айырмашылық 3,1 млрд теңге шамасында болып отыр.

Осы орайда «Неге сол радиолокаторды басқа компания арқылы шамамен 4 есе қымбат бағаға сатып алу керек болды?» деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Сұқбаттың толық нұсқасын көру үшін сілтемені басыңыз.

 

Пікірлер