«Арыңыз болса, отставкаға кетуіңіз керек»: Мұхтар Тайжан Дайрабаевқа үндеу жасады

3047
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың Парламенттен кетуін талап етті. Бұл туралы ол Facebook-тегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жигули мырза! Екі бірдей ұлыңыз мемлекеттің (халықтың) 550 млн теңге ақшасын жеп, ұрлап кетті. Ол өзіңіз үнемі мемлекеттен сұрап субсидия еді. Енді сіздің халық атынан депутат болып, Мәжілісте отырудың моралдік хақыңыз жоқ. Сол үшін сіз, арыңыз болса, өз еркімен отставкаға кетуіңіз керек! Демалыңыз!»—деді белсенді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот үкімінің шыққанын жазған едік.

 

Пікірлер