Ақпараттық киберқалқан – адамзаттық қорғаныс

473
Adyrna.kz Telegram

Заман ағымына сай әр жыл сайын киберкеңістіктің ауқымы қанатын кеңге жаюда десек қате айтқанымыз емес. Әр елдің ішкі-сыртқы саясатының басты көрсеткіші – киберқалқаны. Біздің өмір сүріп отырған ортамыздың өзі шапшаң әрі елеусіз түрде киберкеңістікте болып жатқан оқиғалар және құбылыстармен тығыз байланысты. Біз қажетті заттарды өзіміз ешқашан болмаған, көрмеген дүкендерден алсақ, тіпті, олардың ғимараттарының бары не жоғы біз үшін бәрібір. Еш жерге аяқпен бармай-ақ, қолымыздағы смартфон арқылы ақысы төленген авиабилетке ие боламыз.

Әлеуметтік желілердің арқасында өзімізбен пікірлес жан табу оңай шаруаға айналды. Жалпы, киберкеңістік біздің өмірімізге жағымды үрдістермен қатар, түрлі тәуекелдер мен қауіптерді де ала келді. Қазіргі таңда киберкеңістік адамдардың қатысуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес түрлі жағымсыз әрекеттер жасырынған баламалы әлемге айналды. Әлемде қандай да дамубен бірге түрлі қауіп-қатерлер де қатарласа жүретін белгілі. Мәселен, ақпараттық технологиялардың алға басуымен қатар оған төнетін жаңа қауіптерде шықты. Мысалы, хаккерлік шабуыл. Мұндай шабуылдардан әлемдік экономикаға жыл сайын миллиардтаған шығын келеді. Ол аз десеңіз, азаматтардың жеке бас деректері, қаражаттары қолды болып жатады. Бұл қауіп мемлекеттің ақпараттық технологиялық, экономикалық және қаржы саласындағы қауіпсіздігіне де алаңдаушылық туғызады. Киберкеңістік пайда болғалы бері көптеген қылмыстар жаңаша серпін алып, бір-екі емес, жүздеген, мыңдаған жанның жүрегін жаралап, өмірлерін құрбан етуде. Ол бұрынғыдан да қауіптірек бола түсуде және оны әшкерелеу қиындық туғызуда.

Компьютер мониторы қылмыскер үшін мыңдаған шақырымдарды, мемлекеттік шекаралар мен сағаттық белдеулері секілді кедергілерді жоятын терезеге айналды.Айтып отырған киберқалқанымыз ғылыми тілде киберщит деп аталады.

Киберщит – ақпарат қауіпсіздігі немесе қиберқауіпсіздік деген мәнгн ие, яғни электронды ақпараттық ресурстардың, әртүрлі ақпарат жүйесінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы немесе ішкі қкиберқауіптерден қорғайтын қауіпсіздік. Сол себепті киберщиттің мақсаты -кез келген электронды ақпараттың қауіпсіздікдігін сақтау. Киберқылмыстың өсуі қазіргі заманның өзекті мәселесі болып отыр.  Қазақстанда киберщит 2016 жылы әлеуметтік желіде адам өміріне қауіп төндіретін интернет ойынның пайда болуынан кейін қолға алынғандығы мәлім.

   Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуге бағытталған "Қазақстан-2050" стратегиясы ескеріле отырып, Қазақстан президентінің Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауына сәйкес киберқалқан тұжырымы әзірленді. Тұжырымдама мемлекеттік мекемелерді ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, "цифрлы" экономиканы дамыту және өнеркәсіптегі өндірістік процестерді технологиялық жаңғырту дамыту жолдары, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету аясын кеңейту саласындағы жағдайды бағалауға негізделген. Бұған дейін Қазақстанда "ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" туралы республика үкіметінің заңы 1998 жылы 31 желтоқсанында қабылданған болатын. Одан бері бұл заң үш рет редакцияланды. Ол жерде ақпараттық-коммуникациялық желілер, "электрондық үкімет" тақырыбы бойынша тиісті өзгертулер енгізілді. Одан кейін барлық назар ақпараттың қауіпсіздігіне бағытталды. Осы тұста ақпараттық қауіпсіздікке тоқтала өтсек. Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның қүқықтары мен мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезі қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.Ақпараттық қауіпсіздіктің басты мақсаты — құпия деректі сақтау. Егер құпия дерек бөгде біреуге мәлім болса, бірнеше қиындықтарға тап болуыңыз ықтимал. Олар:  есепшотыңыздан ақша ұрлау; бұлтта сақталатын құжаттар суретіне, хаттарға қол жеткізіп, қаскүнемнің сіздің атыңызға несие рәсімдеуі;  отбасыңыздың, достарыңыздың алдында ұятқа қалдырып, беделіңізге нұқсат келтіру; әлеуметтік желідегі аккаунттарыңыз бұғатталып, кіре алмау; қаскүнемнің өміріңізді бақылап, әр басқан қадамыңызды аңдуы;  қаскүнемнің жеке мәліметіңізді ғаламторға салам деп бопсалап, ақша талап етуі. Бұл жағдайға тап болмас үшін не істеу кереу? Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарға назар аударыңыз:өзіңіздің барлық бағдарламалық жасақтамаңызға – антивирустық және антишпиондық бағдарламаларға, операциялық жүйелерге, мәтіндерді өңдеу бағдарламаларына және басқа бағдарламаларға үнемі жаңартулар орнатыңыз;қолжетімді болған кезде бағдарламалық жасақтаманы автоматты түрде жаңарту мүмкіндіктерін қосыңыз; пайдаланбайтын бағдарламалық жасақтаманы жойыңыз; әріптер, сандар мен белгілердің тіркесімін қамтитын күшті құпия сөздерді қолданыңыз; барлық сайттарда бірдей құпия сөздерді қолданбаңыз;құпия сөздерді жұмыс үстелінде электронды түрде сақтамаңыз, жазылған құпия сөздерді қоғамдық орындарда сақтамаңыз, құпия сөздерді үшінші тұлғаларға айтпаңыз; ЭЦҚ компьютерде сақталмауы керек; бағдарламалық жасақтаманы тек сенетін сайттарға жүктеңіз; электрондық пошта хабарламаларындағы сілтемелерге өтпеңіз және тегін бағдарламалық жасақтама ұсынылатын веб-сайттардан, әсіресе, тегін антивирустық бағдарламалық жасақтамалардан аулақ болыңыз; музыканы, ойындарды, бейнелерді және басқаларын “тегін” жүктеуден сақ болыңыз. Олар жүктеуде зиянды бағдарламаны қамтуы мүмкін; бейтаныс адамдардан электрондық пошталар мен күдікті тіркемелерді ашпаңыз.

Егер сіз хатты маңызды деп ойласаңыз, онда жіберушімен телефон арқылы хабарласып, хаттың тақырыбын және жіберудің себебін нақтылауыңыз керек.Лицензияланған вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланыңыз. Компьютерге қосылған кезде кез-келген тасымалдаушыны вирустарға тексеруді ұмытпаңыз; автоматты тексеруді орнату арқылы кіріс электрондық поштадан барлық файлдарды вирустарға тексеріңіз; Интернет желісіне қосылуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы ғана жүргізу қажет; үшінші тұлғаларға IP мекенжайын және логин мен пароль тіркесімін айтпаңыз; платформаларда (Zoom, Webex Meetings, Team Link және т. б.) көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруда жеке конференция идентификаторын (PMI) пайдаланбауға тырысыңыз. Міне, осы бірнеше нұсқаулықтарды қаперіңізде ұстасаңыз, ешқандай шабуылшы сіздің киберқалқаныңызды бұза алмайды. Сәйкесінше, ақпарат қауіпсіздігі сақталып, жеке тұлғалық қорғанысыңыз артады.

Пікірлер