Петропавлда жол ақысын төлемеген 67 жастағы қария автобус жүргізушісін талдырып тастады

2430
Adyrna.kz Telegram

Петропавл қаласында 5 «М» бағытындағы автобуста жолаушы қажетті аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды.

ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Пікірлер