"Ауылымызға аттанамыз": Жаңаөзендіктер Маңғыстауға қарай жолға шықты

1807
Adyrna.kz Telegram

Астанаға арнайы келіп, жұмыс талап еткен жаңаөзендіктер елорда теміржол вокзалынан бейнеүндеу жолдап, үйлеріне қайтып бара жатқандарын жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Біз дін аманбыз, жігіттеріміз түгел. Ауылымызға аттанамыз. Еш уайымдамай, жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер. Барша Маңғыстау облысының мұнайшыларына алғысымызды айтамыз", – деді олар.

Жаңаөзендіктер мінген пойыз жергілікті уақыт бойынша сағат 9-да Астанадан Маңғыстауға жол тартты. Кесте бойынша, пойыз 2 күн 1 сағат жүреді.

Пікірлер