Трамп тағы да үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін екенін ескертті

1966
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін екенін тағы бір мәрте ескертті. Бұл туралы ол Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның пікірінше, АҚШ билігінің дәрменсіздігі жаңа қақтығысқа апарады.

«Қазір адамзат қарулануға байланысты тарихтағы ең қауіпті кезеңде өмір сүріп жатыр. Ал біздің басшылығымызда біліксіз адамдар отыр»,—деді Трамп.

Бұған дейін экс-басшы  Мар-а-Лаго резиденциясынан үндеу айтып, оның елі «тозаққа» бара жатқанын мәлімдеген еді. Ол өзін үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алуға уәде бере алатын АҚШ президенттігіне жалғыз үміткер санайды.

Пікірлер