АрселорМиттал Теміртауға тағы айыппұл салынды

1659
Adyrna.kz Telegram

Ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткендігі анықталды.

Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Камералдық мониторинг жүргізу кезінде нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі белгілі болды. Осыған байланысты ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл сомасына әкімшілік материал толтырылды.

Биылғы наурыз айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарау барысында Қарағанды облыстық соты департаменттің дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды.

Пікірлер