Даулы мәселеде министр Назарбаевтың атын атауға именеді

2238
Adyrna.kz Telegram

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев даулы мәселеде Назарбаевтың атын атауға именеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәжіліс алаңында Orda.kz тілшісі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан “Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистикадағы сәйкессіздікке қатысты тергеу жүріп жатыр ма, жоқ па?Ал кеденді тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мен жақын серіктері басқарады деген қауесет шындыққа жанаса ма?” деп сұрады.

«Барлық анықталған фактілер құқық қорғау органдарына берілді. Қазір тергеу амалдары және бюджетті сол тәртіп бұзушылар дер кезінде төлемеген сомалармен толықтыру жүргізілуде. Өткен жылы тәртіп бұзушылардан 50 миллиард теңгеге жуық қаржы өндірілді. Бұзған бірнеше шаруашылық операторлар болды. Сіз өзіңіз соңғы бенефициарларды атадыңыз. Шындығында олардың саны көп. 15-тен астам экономикалық операторлар болды. Бірақ нақты қандай қылмыстық істер қозғалды және нақты қандай сомаға құқық қорғау құрылымдары жауап бере алады. Мен тек бюджетке қанша түсті – шамамен 50 млрд теңгеге жауап бере аламын», - деді Жамаубаев.

Пікірлер