Бибісара Асаубаева «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атанды

2088
Adyrna.kz Telegram
Фото: FIDE©
Фото: FIDE©

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген шахматшының анасы Лиана Таңжарықова мәлімлнеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Бибісара шахматтан «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атанды. Оған бұл атақты бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов табыстады. Айта кетейік, соңғы 30 жылда еліміз бойынша шахматтан еңбек сіңірген спорт шебері атағын ешкім алмаған», - деді Лиана Таңжарықова.

Айта кетейіе. Бибісара Асаубаева бүгінге дейін әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алған.

2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағына лайықты деп танылды.

Бұған қоса, Бибісара 2021 жылы шахматтың рапид түрінен әлем чемпиоантының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған.

Пікірлер