"Қазтрансгазаймақ" құбырларын лек-легімен ұрлады деген үш күдікті ұсталды

2185
Adyrna.kz Telegram

Аса ауқымды көлемде "Қазтрансгазаймақтың" металл құбырларын ұрлаған үш азамат ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйене отырып.

"21 сәуірде Атырау облысы полиция департаменті мен прокуратура "Индер-Махамбет" магистральдық газ құбырларын заңсыз тасып,  "ҚазТрансГазАймақ "АҚ Ұлттық компаниясы қорына ірі залал келтірген 1978, 1984, 1988 жылғы күдіктілерді анықтап, ұстады", - деп жазылған.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізіліп, құбыр тасыған азаматтардың ісі бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша қарастырылып жатыр.

"Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды" - деп хабарлады полиция мамандары.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер