Шахтинскіде өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі табылды

2033
Adyrna.kz Telegram

Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 54 жастағы әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері болып шықты. Әйелдің денесінде пышақ жарақаты болған.

Қайғылы оқиға 23 сәуір түскі уақытта болған. Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары өртенді. ТЖ департаментінің күшімен кіреберістегі пәтерлерден 9 адам эвакуацияланды. Өрт толық сөндірілді.

Оқиғаның мән-жайы мен өрттің себебі анықталып жатыр.

Полиция «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.

Пікірлер