Ресейсіз экспорт. Қазақ мұнайы Түркия арқылы Румынияға жеткізіле бастады

1557
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мұнайын Түркияның Жейхан портынан Румынияға жөнелту басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Түркияның Жейхан портына барып, «ҚазМұнайГазға» тиесілі Румынияда орналасқан «PETROMIDIA» мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту барысымен танысты.

Жейхан портынан көлемі 80 мың тонна мұнайдың бірінші партиясы отандық ALATAU танкерімен Petromidia мұнай өңдеу зауытына тасымалданады.

Жалпы «Ақтау-Баку-Жейхан» бағыты бойынша жылдық көлемі 1,5 млн тонна мұнайды тасымалдау туралы бес жылдық келісім бар.

Пікірлер