Крандағы талап үнсіз аяқталды

1649
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Астанада ер адам кранға шығып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан шаруашылықтағы 220 гектар жер теліміне қатысты жер дауы бойынша сот шешіміне наразы көрінеді. Негізі бұл жер оның отбасына тиесілі екені айтылған. Ал 2002 жылы 2051 жылға дейін жеке кәсіпкерге жалға берілген. Ол отбасына табыстың 10 пайызын беруі керек еді, алайда кранға шығып алған адамның туысының айтуынша, жалға алушы алғашқы күннен бастап өз міндеттерін атқарудан жалтарған.

Бұл отбасы әкімдіктің өздерін жер теліміне қатысты құқығынан айырып, оны 30 жыл мерзімге сол жеке кәсіпкердің пайдалануына бергенін 2021 жылдың желтоқсанында бір-ақ білген.

Бұл жолы ер адам Астанаға «әкімдіктің жеке кәсіпкерге жерді 30 жыл мерзімге жалға беру туралы шешімін заңсыз деп тану, сонымен қатар келтірілген шығынды өтеу» талабымен келген. Ол шартын бүгін сағат 18:00-ге дейін орындауды талап етіп отыр. Әйтпесе, өзін-өзі өртеп жібермек.

Пікірлер