Үкімет отырысы. Қазақстандағы ірі мұнай-газ компаниясының кезінде "тиын-тебенге" сатылып кеткені айтылды

2050
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы мәселелер талқыланды. Маңызды инфрақұрылымдық нысандарды жекеменшікке беру заңдылығына қатысты мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Үкімет сайтына сілтеме көрсете отырып.

Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткені айтылды.

Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру барысында активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткені анықталды.

Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының заңы негізінде пысықтауды тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер