Оралда өртенген гараждан үш адамның мәйіті табылды

1593
Adyrna.kz Telegram

Оқиға 25 сәуір күні кешкісін болды.

Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

Сағат 20.58-де А.Құсайынов көшесі 3-мекенжайында аумағы 30 шаршы метр гараж бен оның ішіндегі «ВАЗ-2121» (Нива) автокөлігі отқа оранған. Содан кейін жалын жеке тұрғын үйдің (42 шаршы метр) төбесін шарпыды. Гараждан үш адамның денесі табылды.

Барлығы 23 адам (7 техника) жұмылдырылған.

Қазіргі кезде өрттің себебі, келтірілген шығын, қайтқан адамдардың кім екендігі анықталу үстінде.

Пікірлер