Ердоған Түркияда зілзала салдарын жою жұмыстарына қатысқан қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

1892
Adyrna.kz Telegram

Марапатқа ие болған 80-нен астам елдің өкілдері арасында Қазақстаннан Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев та бар.

Ол зілзала салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медалімен наградталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекеттік награданы Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған табыс етті.

Еске сала кетейік, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.

Пікірлер