SOS! Балалардың басы құрттап жатыр!

2613
Adyrna.kz Telegram

[playlist type="video" ids="15446"]

Балалардың басы құрттап жатыр!

Біртанов қайда қарап отырсыз?

Түн ішінде төрт баланың анасы Ұлжан хабарласты.
Төрт баласының басына жара шығып, 2018 жылы желтоқсанда Шымкент қаласының "Тері аурулар емдейтін" емханасына барған екен. Біраз уақыт ем алып болған соң, "у вас улучшение" шыға берсеңіздер болады"- деді Ұлжан.
Алайда балаларының басындағы жаралары іріңдеп, қызуы көтеріліп аура бастаған соң емханаға қайта келген. "Тегін жату үшін құжат рәсімде, портал арқылы келесің деген соң, бүкіл құжаттарды ауылға барып дайындадым, ертесіне емханаға келіп анализ жасаттым. Бір қызымда инфекция бар, екінші қалған үшеуінде жоқ"- деп берді лаборатория.

"Сосын мен сол емханадағы ақылы лабораторияға барып тапсырдым. Ол жерде бәрінде бар. Инфекция жұқпалы деп анықтап берді"- деп жылап отыр. "Қанына өтіп кеткен, енді сүйекке өтуі мүмкін"- деп отыр басқа врачтар. "Мен не істеймін әпке?"- деп жылаған Ұлжанды не деп жұбатарымды білмедім. " Бірінші кезде врачтар жақсылап қарасын деп 25 мың ақша бердім, енді оларға қайта-қайта бере беретін ақшамды жоқ. Балалар үш айдан бері мектепке бармады. Бұл жара мағанда жұқты. Біз қәзір үйдеміз. Ертең бәріміз бір үйде шіріп өліп қалсақ қана қарайды ма бізге? Мемлекеттен қаншама ақша бөлініп жатыр, неге бізге жақсылап қарамайды?"- деп еңіреген Ұлжанмен ертең таңда прямой эфир түсіретін болдым.

"Бүкіл Облыстық Денсаулық сақтау департаментіне қарасты, Тері ауру емханасының заңсыздықтарын айтып берем әпке. Мен сияқты жылап жүргендер өте көп!"- деп отыр.

 

Жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызмет істер агенттігі және арнайы мониторинг мүшелерінің топ басшы ретінде істі толық бақылауға алатынымызды хабарлаймын!

Айгүл Орынбек

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер