Құда күткендей сот. Күдебаевқа жаңа айып тағыла ма?

2376
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Серік Күдебаевтың ісіне қатысты сот қайта жалғаспақ, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оған Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша айып тағылып отыр. Бұған дейін Прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

Сот отырысына келген Күдебаевтың ұлы әкесінің Қазақстанға өз еркімен оралғанын айтты.

«Кейбір БАҚ жалған ақпарат таратып жатыр. Әкем елге өз еркімен келді. Менің ұлыма хабарласып, барлығын жақсы көретінін және Отанына келе жатқанын айтқан. Біз ешқайда кеткен жоқпыз, отбасымыз тұрақты бақылауда болды»,—деді  Арман Мырзақұлов Orda.kz-ке берген сұқбатында.

Еске салсақ, айыпталушы 3 сәуірде сотқа келмей, оған халықаралық іздеу жарияланды. Кейін Күдебаевтың қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, 23 наурыз күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткені белгілі болды.

12 сәуірде Бас прокуратура генерал-майорға қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

27 сәуірде Бас прокурор Берік Асылов күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Серік Күдебаев Алматы полиция департаментін 7 жыл басқарған. 2020 жылы Алматы облысы полициясының басшысы болып тағайындалды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ол қызметінен босатылды.

Пікірлер