Бердібек Сапарбаевқа жаңа атақ берілді

2155
Adyrna.kz Telegram

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шешім бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында қабылданды.

«Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа, медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешімді бекітті»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, Бердібек Мәшбекұлы 2015-2019 жылдары осы өңірдің әкімі қызметін атқарған еді.

Пікірлер