Сайлауға 2 апта қалды. Ердоған сырқатынан кейін алғаш рет сұхбат берді

2559
Adyrna.kz Telegram

Түркия президенті Тайып Ердоған асқазан ауруымен ауырғаннан кейін алғаш рет Түркияның бірқатар телеарналарына сұхбат берді. Ол өзін қазіргі таңда жақсы сезінетінін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Түркия басшысы сайлау науқаны жоспарға сай өтіп жатқанын да атап өтті. 14 мамырда елде президенттік және парламенттік сайлау өтеді.

Еске салайық, Режеп Тайып Ердоған сәуірдің 26-сы күні жергілікті Kanal 7 және Ülke TV арналарына тікелей эфирде сұхбат беру сәтінде, президенттің кенет сырқаттанып қалуына байланысты эфир үзілген болатын.

Бағдарламаның соңына қарай хабар үзілді. Ülke TV-ның бас редакторы Хасан Өзтүрік сұрақ қойғанда экранға шыққан Ердоғанның жұтынып, команда мүшелерінің біріне қарағаны байқалды.

Кейін ол асқазан тұмауын жұқтырғанын хабарлады. Дәрігерлердің кеңесімен Түркия басшысы бірқатар сайлауалды шараларды өткізіп алған.

Алайда, біраз уақыттан кейін бейнеконференция арқылы ол Ақкую атом электр станциясына ядролық отынды жеткізу рәсіміне қатысып, келесі күні Адана қаласындағы жаңа көпірдің ашылу салтанатына онлайн қосылды. 29 сәуірде ол Стамбулдағы Teknofest фестиваліне жеке қатысты.

Еске сала кетейік, таяуда Түркияда президенттік сайлау өтпек. Ердоған мемлекет басшысының қызметіне үміткерлер тізімінде.

Пікірлер