Молдова: Ресейлік насихатпен күресуіміз керек

1710
Adyrna.kz Telegram

Молдова парламентінің төрағасы Игорь Гросу Гагауз автономиясының тұрғындарының орыс тілінде сөйлейтініне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Гагаузияда атқаратын жұмысымыз көп, біраз нәрсенің орнын толтыруымыз тиіс. Соның бірі — тамырын жайған ресейлік үгіт-насихатпен күресу. Біз гагауздарға көмектесуіміз керек. Олар румын тілін үйренуі үшін алдымызда арнайы бағдарламалар жасау міндеті тұр. Бұдан бөлек, өзге елдің тілін емес, өз ана тілін білулеріне жағдай жасауымыз қажет»,—деді ол Vocea Basarabiei арнасына берген сұқбатында.

Төрағаның айтуынша, тиісті қадамдарды жасау біраз уақытты қажет етеді, бірақ мүмкін емес ештеңе жоқ.

Гагаузия - Молдавияның оңтүстігіндегі 160 мың адамы бар автономиялы аумақ. Олар — көк оғыздардан шыққан түркі тілдес халық.
Ресми тілдері орыс, молдова, гагауз болса да, тұрғындардың көбі орысша сөйлейді.

Пікірлер