Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

1958
Adyrna.kz Telegram

Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, оқиға 6 мамыр күні сағат 9:21-де болған.

«№4 емхана маңында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті. Тілсіз жау тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,—деді басқарма.

Пікірлер