СҚО-да браконьерлікпен айналысқан полицей ұсталды

1914
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Киалы ауылдық округінің Барыкөл ауылының маңындағы «Шағлытеңгіз» көлінің жағасында жабайы құстарды (қаздарды) рұқсат құжаттарынсыз, заңсыз аулағаны үшін Петропавл қаласының 4 тұрғыны ұсталды, оның ішінде полиция қызметкері де бар, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Аталған азаматтардан және полиция қызметкерінен заңсыз ауланған жабайы қоныс аударатын қаздардың 31 ұшасы, 2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. 31 жабайы қазды заңсыз ату нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 800 000 (алдын ала есептеу бойынша) теңгені құрады»,—деп түсіндірді Экология министрлігі.

Қазіргі уақытта оқиға орнын тексеріп, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер