Зеленский Рим Папасынан көмек сұрады

1897
Adyrna.kz Telegram
Фото: president.gov.ua
Фото: president.gov.ua

Украина президенті Рим Папасынан бейбітшілік формуласын жасауға және украин балаларын елге қайтаруға көмектесуді сұрады. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Владимир Зеленский Италияға ресми сапармен барып, Ватиканда Рим Папасымен кездесті. Келіссөздердің негізгі бөлігі соғысқа арналды, Зеленский украиндық бейбітшілік формуласын ұсынды.

«Әділ бейбітшілікке қол жеткізудің нақты және анық алгоритмі Украинаның бейбітшілік формуласында көрсетілген. Соғыс Украина аумағында болғандықтан, бейбітшілік жоспары тек украиндық болады», – деді Владимир Зеленский.

Ол Рим Папасы Францисктен формуланы жүзеге асыруға көмектесуін өтінді. Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтқындарды, жер аударылғандарды босату және әділеттілікті қалпына келтіру мәселелері бойынша. Владимир Зеленский Рим Папасы Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясын анық айыптауға шақырып, құрбандар мен агрессор арасында теңдік болуы мүмкін еместігін баса айтты.

Украина балаларын ұрлап, Ресейге депортациялау туралы бөлек тақырып қозғалды. Зеленский Ватиканнан балаларды үйлеріне қайтаруға көмектесуін сұрады. Ол сондай-ақ Рим Папасын солдаттар мен ел тұрғындарын қолдау үшін дұға жасауға  Украинаға шақырды.

Пікірлер