Саясаткер Жасарал Қуанышәлин өмірден өтті

2541
Adyrna.kz Telegram
Фото: argumentua.com
Фото: argumentua.com

Алматыда оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин инсульттан қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жасарал Қуанышәлин – журналист, оппозиционер, қоғам қайраткері. 1949 жылы 7 сәуірде Ақтөбе облысында дүниеге келген.

1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

2006 жылы ол президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деген айыппен екі жылға сотталған. Алайда ол рақымшылық бойынша сот залында босатылды.

2022 жылы тіркелмеген «Алға Қазақстан» партиясын құрды.

Пікірлер