- Денсаулық сақтау министрлігі мен Адам құқығы жөніндегі Омбудсмен назарына.Ауруханада жатқан Жанболат Мамайдың жағдайы бүгін күрт нашарлап, оны жансақтау бөліміне ауыстырып жатыр. Бүгін оның денесін қызыл бөрткен басып кетіп, ештеңе көмектеспей жатыр, - деді белсендінің жары.
Осыдан бірнеше күн бұрын, 17 мамырда, Инга Иманбай күйеуінің Алматы қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылғанын хабарлаған.
“Оның 11 мамырдан бастап қызуы көтеріліп, мазасы болмай жүрді. Оған дейін 5 мамырда медициналық тексеруден өткен еді. Талдау нәтижелері жақсы болған. 5 күн ішінде оған не болғанын әзірге білмейміз” деп жазды.
Оның айтуынша, балаcы да әкесіне ұқсас белгілерімен ауруханаға түскен.
Оппозиционер Жанболат Мамай 10 сәуірде күні алты жыл шартты жаза кесілген еді. Оған Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "билік өкілін қорлады", "жалған ақпарат таратты" деген айыптар тағылды. Сонымен қатар, журналистік және қоғамдық саяси жұмыстармен айналысуға тыйым салынды. Белсенді өзіне тағылған айыптардың бірде-бірін мойындамады, мұның астарында саяси пәлеқорлық бар деп санайтындығын жеткізді.
"Адырна" ұлттық порталы