"Бетбұрыс жасайтын уақыт". Түркияда 20 жылда алғаш рет оппозициялық партия жеңіске жетті

890
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Түркияда президент мүше болған партия муниципалдық сайлауда оппозициядан жеңілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғана агенттігіне сілтеп.

Режеп Тайып Ердоған мүшелік ететін Әділет және даму партиясы Анкара мен Ыстамбұлда өткен муниципалдық сайлауда оппозициялық Республикалық Халық партиясынан жеңіліп қалды.

Оппозициялық Республикалық халық партия соңғы 20 жылда алғаш рет биліктегі Әділет және даму партиясын жеңген.

Президент Ердоған жеңіліске «бұл – бетбұрыс жасайтын уақыт жеткенін көрсетеді» деді.

"Бұл сайлау біз үшін бетбұрысты кезең болмақ. Халқымыз сайлау арқылы өз қалауын білдірді. Бұл саяси дода ең алдымен біздің демократиямыздың көрсеткіші. Бүгін қандай партия болмасын демократиялық құқықтарын пайдаланып, өз таңдауын жасағандар жеңіске жетті. Анкара мэрі Мансұр Яваш пен Ыстамбұл басшысы Экрем Имамоғлұ жеңістерін тойлап жатыр. Жалпы сайлауда оппозициялық Республикалық халық партиясы ірі қалалардың басшылары үшін күресте 37,6%, Әділет және даму партиясы 35,5% дауыс жинап отыр. Нақтырақ айтқанда 81 провинцияның 35-і Ататүрік құрған партияның, 24-і Ердоған жетекшілік ететін Ақ партияның басқаруына өтті. Мансұр Яваш, Анкара мэрі: - Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Әрқайсымыз осы қаланың, осы ұлттың абыройлы мүшесіміз. Саяси көзқарасымыз, әр партияның ұстанымдары өзгеше болғанымен мақсаты – бір. Ол – халқымызға қызмет ету", - деді мемлекет президенті.

Пікірлер