Мұстафа Шоқай зираты туралы түсінік берілді

2897
Adyrna.kz Telegram

Желіде Жылбек Керімбек атты азамат Мұстафа Шоқайдың Берлиндегі мазары бұзылғалы жатқанын айтып, Алаш арысының бейітінің видеосын жариялаған болатын. Бұл жөнінде Ulysmedia.kz тілшісі мән-жайды білу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарласты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

СІМ ресми өкілі  Айбек Смадияров ақпаратты жоққа шығарды.

Зират орнында, ешкім оған тиіскен жоқ. Елшіліктің қызметкері барып тағы да тексеріп қайтты, зираттың басшылығымен сөйлесті, – деп жауап берді ол.

Бұған дейін желіде Мұстафа Шоқайдың бейітін Қазақстанға алып кетуді өтінген видео жарияланған еді.

Тез арада сүйегін Түркістанға жеткізіп, жерлеу керек. Мұстафаның бар арман-дерті Түркістан мемлекетін құру еді. Сондықтан Түркістанда жатқаны жөн. Үн қосайық, ағайын, – делінген желідегі жазбада.

Одан бөлек, ол жерде болып, Құран бағыштағандар да табылды.

Ол жерде Мұстафадан басқада 2-3 қазақ жерленген, Екінші Дүние жүзілік соғыс құрбандары.Осыдан 20 жыл бұрын мен болғанмын ол жерде, Құран бағыштап қайтып едім ол марқұмдарға, - дейді тағы бір қолданушы.

Пікірлер