Өз балаларын өлтірген ана үлгілі мұғалім болған

1167
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook
Фото: Facebook

Түркістан қаласында екі баласын өлтірген күдікті ешқандай диспансерлік есепте тұрмағаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Бұл туралы келіншектің еңбек ететін мектеп әкімшілігі оның диспансерде есепте тұрмағанын, үлгілі мұғалім болғанын жариялады.  

Сондай-ақ, азаматша ұжым, ата-аналар және оқушылармен тіл табысу кезінде жайлы мінезімен ерекшеленген.

Айта кетейңк, оқиға 7 қаңтарда Түркістан қаласында болған. Жалдамалы пәтерлердің бірінен екі сәбидің денесі табылды. Оған Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұратын азаматша, балалардың анасы күдікті деп танылды.

Күдікті әйел Шымкент қаласындағы қонақ үйдің бірінен ұсталды.

Кейбір дерек көздерінде азаматшаның мұғалім болып қызмет атқарғаны айтылды. Бұл деректі Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов растады.

"Түркістан қаласында болған балалар өліміне қатысты күдікті деп танылған азаматша оқиға болған 7 ақпан күні мектеп әкімшілігіне ескертпестен жұмысқа бармаған. Мектеп әкімшілігі ол азаматшаның ұжым, ата-аналар және оқушылармен тіл табысуы, жайлы мінезімен ерекшеленгенін айтады. Сондай-ақ педагогикалық қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірқатар жетістікке жеткен. Тиісті алғыс хаттармен марапатталған. Әріптестерінің айтуынша, мінезінде ешқандай ауытқу болмаған. Қандай да бір диспансерлік есепте тұрмайды. Өзі толыққанды отбасы, ата-енесі, жұбайымен бірге тұрған. Қазір ішкі істер органдарында бұл бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қорытындысы тергеу амалдарынан кейін белгілі болады", - деді басқарма басшысы.

Пікірлер