Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызметінен кете ме?

3496
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыда үш азамат ауру жұқтырғаннан кейін қызметінен кете ме деген сұраққа жауап бермеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

14 маусым күні Алматыдағы 12-ші қалалық ауруханада үш азаматтың ВИЧ індетін жұқтырғаны белгілі болды. Сенат отырысында журналистер министрден осы оқиғадан кейін отставкаға кете ме деп сұрады.

Комиссия тағайындалды деп айтамын, жұқтыру көзі мен жолдарын анықтау керек. Кім кінәлі? Мұны нақтыламайынша, мүмкін емес..., - деді министр.

Өзінің жеке жауапкершілігін сезіне ме деген нақтылау сауалына министр «кім кінәлі екенін анықтаймыз» деп жауап берді.

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстарға қатысты Ажар Ғиният өткен жылы Қазақстанда 4 мың адам ВИЧ жұқтырғанын, 3,5 мың жаңа жағдай тіркелгенін айтты.

Осыған орай Алматыдан ақпарат түсті. Комиссия жіберілді. Біз ауруханаішілік инфекцияны жоққа шығарғымыз келеді. Тексеру аяқталғаннан кейін біз толық ақпаратты береміз. Енді біз толық эпидемиологиялық тексеру жүргізуіміз керек, жұқпаның қайнар көзін, жұғу жолын, ауруханаішілік инфекция болмағанын түсінуіміз керек. Онда министрлік пен комитеттердің үздік мамандары жіберіледі, - деді ол.

Айта кетейік, 14 маусымда Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ЦГКБ) ВИЧ індетін жұқтырған үш адам анықталғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті тексеру жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет жаппай ВИЧ инфекциясы 2006 жылы орын алды. Одан кейін дәрігерлердің салғырттығынан 220 бала ауру жұқтырған. Содан кейін дәрігерлер бірнеше рет бір реттік инелер мен флакондарды қолданған. Ал донор ретінде тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мен заңсыз көшіп келгендер тартылды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қазір ВИЧ індетін жұқтырған 31 мың азамат өмір сүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Пікірлер