Павлодар мұнай-химия зауыты бір айға жұмысын тоқтатты

1653
Adyrna.kz Telegram

«ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) 20 маусым мен 19 шілде аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жұмысын тоқтатты. Бұл туралы зауыт мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ПМХЗ өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де жоспарлы күрделі жөндеудің басталғаны туралы хабарлайды. Жұмыс кестесін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекітті және 2023 жылғы 20 маусым мен 19 шілде аралығында Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын уақытша тоқтатады, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоспарлы күрделі жөндеу кезінде технологиялық жабдықтар, яғни құбырлар, пештер, бу құбырлары және басқа да жабдықтар техникалық аттестаттау, жөндеу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті тексеруден өтеді.

Зауыттың тоқтауына байланысты бензин және дизель отынының 37 мың және 47 мың тонна қоры жинақталғаны хабарланды. Бұл қор зауытты жөндеу кезінде жанармайдың уақтылы жеткізіліп отыруына жағдай жасайды.

Пікірлер