Кремль Ердоғанның Путинді қолдайтынын хабарлады

2483
Adyrna.kz Telegram
Фото: AFP
Фото: AFP

Түркия тарапының бастамасымен Владимир Путин Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Путин Ердоғанға Ресейдегі қарулы көтеріліс әрекеті туралы айтып берді. Ал Түркия Республикасының президенті Ресей басшылығының қадамдарын толық қолдайтынын білдірді.

Келіссөз барысында президент Ердоған парасаттылықпен әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.  Ресейдегі оқиғалардан ешкім пайда көрмеуі керектігі баса айтылды. Осы тұрғыда президент Ердоған Түркияның бейбітшілік пен тыныштық жағдайында оқиғалардың тезірек шешілуіне үлес қосуға дайын екенін айтты, делінген хабарламада.

Ердоғанның Путинді қолдайтынын Кремль сайты ғана хабарлады. Ердоғанның ресми сайтында бұл туралы әзірге мәлімет жоқ.

Еске салайық, Ресей президенті Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де телефон арқылы сөйлескен болатын.

Өз кезегінде, Мемлекет басшысы “бұл - Ресейдің жеке мәселесі екенін” баса айтты.

Пікірлер