Атырауда ер адам әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

2240
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысының тұрғыны әкесін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Astana TV» арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған. Отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Белгілісі 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қармастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.

«Индер ауданындағы адам өліміне қатысты қазіргі таңда ҚК 106-бабы 3-бөлімімен адамға қасақана дене жарақатын салу нәтижесінде адам өліміне әкелген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір -біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр»,—деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Пікірлер