Петропавлға жаңа әкім тағайындалды

1903
Adyrna.kz Telegram

Петропавл қаласына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна”.

Серік Мұхаммедиев Петропавл қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды.
Жаңа басшы Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы. Өскемен қаласында «Инженер» мамандығын тәмамдаған. 1965 жылы туған азамат еңбек жолын 1989 жылы Алматыдағы автоколоннаны пайдалану бөлімінің бастығы қызметінен бастаған. Қаланың су жаңа әкімі тағайындалған қызметіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданын басқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Мұхаммедиевке дейін қаланы Руслан Аңбаев басқарып келген.

Пікірлер