Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

854
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты. Қызыл жалыннан 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Petropavlovsk.news-ке сілтеп.

Басылымның мәліметінше, оқиға 3 ақпан күні болған. Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде түтін шыққан.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі зардап шеккен бір адам екенін хабарлады.

Өрт сөндірушілер пәтерден 1957 жылы туған ер адамды алып шыққан. Өрт түтінінен уланған және термиялық күйік алған ер адам ес-түссіз жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Пікірлер