“Тұмар” ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

1860
Adyrna.kz Telegram

Ақпарат айдынының үздіктері анықталды. «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Жыл сайын телевизиялық шеберлік саласындағы «Тұмар-2023» бәйгесі 12 номинация бойынша байқау өткізеді.

Қазақстандық телевизиялық индустрияны дамытуды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың биылғы кезеңіне  300-ге жуық өтінім келіп түскен. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше  «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік әлеуметтік жоба» номинациялары бойынша ең көп өтінім қабылданған. Ұлттық телевизиялық байқауға республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты. 

Биылғы байқаудың ерекшедігі  «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынаған.

Пікірлер