АЙТҚОЖА ФАЗЫЛ: Боранбаев биліктің "Назарбаев кланымен күресіп жатырмыз" деген дақпыртының құрбаны емес пе екен деген ой келеді...

1706
Adyrna.kz Telegram
Қайрат Боранбаев туралы азамат ретінде не білеміз. Көбіміз ештеңе білмейміз. Қоғамның оған деген теріс көзқарасы оның Дариғаға құда болуы...
Оған қылмыстық іс қозғалған күннен бастап оны білетіндер тарапының көпшілігі оның атына жаман пікір айтқан емес...  бұлардың ішінде әртістер, спортсмендермен қатар жәй адамдар, бірге өскен азаматтар да бар...
Қателесуім мүмкін...
Менің басыма Боранбаев биліктің "Назарбаев кланымен күресіп жатырмыз" деген дақпыртының құрбаны емес пе екен деген ой келеді...
Билік "семьямен" шын күрессе долларлық миллинер мен миллиардер үш қыз қайда, олардың байлары мен балалары - алақ-жұлақтың немерелері қайда, Назарбаев президент болғанша унитаз жөндеп жүрген інісі қайда?
ҚАЙДА?
Сұрақ көп жауап жоқ...
Жақсымен құда болсаң аузың май болады...
Жаманмен құда болсаң аузың қан болады...
Пікірлер