Рим Папасы Швецияда Құранның өртенгеніне ызалы екенін айтты

1536
Adyrna.kz Telegram

Рим Папасы Франциск Стокгольмдегі мұсылмандардың қасиетті кітабын өртеу әрекетін қатаң сынға алып, қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "Deutsche Welle"-ге сілтеме көрсете отырып.

Рим Папасы Франциск өткен аптада Швеция астанасында өткен Құранды өртеу әрекетін айыптады. 3 шілдеде шыққан "әл-Иттихад" газетіне берген сұхбатында ол мұсылмандардың қасиетті кітабының өртенуін "жиіркенішті әрекет" деп атады.

"Мен мұндай әрекеттерден жиіркенемін, ашуланамын. Халық қасиетті деп санайтын кез келген кітапқа сенушілерге құрметпен қарау керек. Сөз бостандығы ешқашан басқаларды қорлау үшін сылтау ретінде пайдаға аспауы керек", - деді автор.

28 маусымда Стокгольмдегі бас мешітте өткен акцияға Швеция полициясы рұқсат берді. Ақпан айында Корольдіктің құқық қорғау органдары қауіпсіздік мақсатында осындай іс-шараны өткізу туралы өтінішті қабылдамады. Алайда маусым айында кассациялық сот мұндай тыйымды заңсыз деп тапты.

Бұған дейін бірқатар мемлекеттер, соның ішінде Түркия, мұндай сойқан науқанды қатты айыптады. Түрік СІМ басшысы Хакан Фидан Құрбан айт мерекесінің бірінші күнінде жасалған мұндай әрекетті "арам" деп атап, "сөз бостандығы сылтауымен исламға қарсы әрекеттерге жол бермеуге" шақырды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер