Баланс пен ажырасу. Әйелдер мен балаларды қолдау кімге зиян?

1602
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды.Бірақ депутаттардың бәрі бірдей онымен келіседі деу қиын.

Бұл заң Қуандық Бишімбаевтың ісі секілді қоғамда резонанс тудырған оқиғалардан кейін қабылданайын деп отыр. Әйтсе де кейбір азаматтар аталған заң қабылданса, ерлі-зайыптылардың арасында ажырасу көбейетінін алға тартып отыр. Расында Асхат Аймағамбетов, Елнұр Бейсенбаев, Дания Еспаева, Жұлдыз Сүлейменова секілді депутаттар бастамашы болған заң ендігіде ер азаматтардың құқығын таптамай ма? Мысалы,кейбір заңгерлер «Үкімет заңды қатаңдатқаннан басқа ештеңе бітіріп отырған жоқ. Егер заң қатаңдатылғаннан кейін ажырасулар көбейіп кетеді» деген пікірде. Ондай ой Мәжіліс депутаттары тарапынан да айтылып қалады.

«ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ»

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова азаматтардың бұл пікірмен келіспейтінін айтты.

Жалпы біз жазаны қатаңдатумен қатар оны алдын алуға, пробацияға, психологиялық көмек көрсетуге, отбасыны қолдауға байланысты арнайы норма енгіздік. Ең басында жазаны қатаңдату деген түсінік, позиция болды. Бірақ біз әлемнің ОЭСР мемлекеттерін қарайтын болсақ, ол мемлекеттерде тұрмыстық вандализмнің алдын алу үшінпробацияға қаражат бөлу, психологиялық көмек көрсету және сол көмекті лицензиялау, кәсіби деңгейде толыққанды қалыптастыруға қатысты норма бар екен. Сондықтан біз бұл заң жобасында кешенді негізде осы нормаларды енгізіп отырмыз. Бірінші, қылмыстық құқық бұзушылыққа барған адамды сот қажет деп тапқан жағдайда медициналық, психологиялық көмек беріледі. Бұл бұған дейін болған жоқ. Бұл қылмыстық Кодексте 98.3 бабы деп арнайы енгізіліп отыр. Мұның аясында Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлерде өздерінің денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық көмек көрсетудің кадрлық қамтамасыз ету, сонымен қатар, қаржылық қамтасыз етуге байланысты арнайы жұмыстар істеп жатыр. Енді біз бұл жерде нақты бір нәрсеге көңіл аударуымыз қажет. Ол дәрі-дәрмексіз жүргізіледі. Сонымен қатар, психатриялық көмектен бөлек психологиялық көмек көрсету. Агрессордың жанжалға, дауға қатысты ішкі эмоциясымен жұмыс істеуге арналған арнайы психологиялық бағдарламалар қабылданды.

Екінші мәселе, отбасындағы дау-жанжалдар орын алған кезде балаларға қандай көмек көрсетеміз деген сұрақтар болған. Сондықтан балаларға да реалибитациялық, психологиялық көмек болады. Бұның барлығы өңірлерде, оның ішінде, аудан орталықтарында, қалаларда отбасын қолдау орталықтары құрылады. Соның аясында жүзеге асырыладыБірақ, біз бүгінгі таңда отбасы институтын неғұрлым сақтауға, оны нығайтуға еңбек етуіміз қажет. Біздің заң соған бағытталуы қажет. Сондықтан да, біз осы мәселеге мән бердік, – деді ол.

«БОЛАШАҚ ҰРПАҚ БІЗГЕ АЛҒЫСАЙТПАЙДЫ»

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әріптестері ұсынған заң жобасын аса қолдап отырған жоқ.

Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмей жатып нақты бір нәрсе айта алмаймын. Бірақ қалай болғанда да ол өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде барлық азаматтардың қатысы бар жалпы қазақстандық норма болады ғой. Бірақ ол қазақтың мүддесі есебінен болмауы керек. Бізде елдің 70 пайызынан астамы қазақтар. Сондықтан біздің дәстүрлі отбасылық құндылықтарымызға нұқсан келтірмеуі керек. Бұл менің ойым. Ал енді біз жалпы әлемдегі өркениеттік көшке ереміз деп өз құндылықтарымызды жойып алсақ, оның үстіне гендерлік саясаттың жетегінде өзіміздің ұлттық, қазақилық қасиеттерімізді жойып алсақ, болашақ ұрпақ бізге алғыс айтпайды. Қауіпті тұстары бар. Себебі қоғамда ер адамдардың да құқығы тапталып жатыр деген пікір бар. Ал заң авторларының пікірінше баланс сақталады дейді. Ондай қатер жоқ деп айтады. Бірақ енді бұл заң негізінде зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ретінде қабылданып отырғандықтан белгілі бір мөлшерде ер азаматтардың құқықтарын шектейді. Қалай болғанда да шектейді. Сондықтан мен бұл жерде ең бастысы қоғамда отбасылық, азаматтық, әкелік мәдениетті насихаттау мәселесі өріс алу керек деп ойлаймын. Егер заңда кемшіліктер болса, бұл біздің ұлттық құндылығымызды насихаттау арқылы әкелерді, ер азаматтарды сүмірейтіп қоймайтындай өзіміз азаматтық тұрғыдан дайындалуымыз қажет, – деді депутат.


C
ерік Жолдасбай

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер