Дәулет Тұрлыхановтың әскерден "көлікпен қашқан" ұлы ұсталды

1589
Adyrna.kz Telegram

Спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты әскери полиция қызметкерлері әскери бөлімге ұстап әкелді, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

«2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдары мен әскери полиция қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын әскери бөлімнен рұқсатсыз қашып кеткен қатардағы мерзімді қызметтегі Б-ның тұрған жері анықталды. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені туралы хабарланған болатын. Кейін бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі ресми түрде растады.

Құқық қорғаушы Анна Чернова болса, әлеуметтік желіде "Маған әлгінде ғана Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені жайлы хабар жетті. Ол бөлімде бұлтартпау шарасы бойынша бөлім бастығының бақылауында болатын", – деп жазған.

Оның айтуынша, депутаттың ұлы 2 шілде күні бөлімнен көлікпен шығып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың ақпан айының ортасында қазақстандық заңгер Анна Чернова Алматыда күйеуі екеуін атақты балуанның баласы соққыға жыққанын мәлімдеді. 10 наурызда Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты істің мән-жайын айтып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастағанын хабарлаған еді.

 

Пікірлер