Алматыда "құлдыққа сатпақ болғандардан" қашамын деп үшінші қабаттан секірген қыздың ісі қаралуда

3063
Adyrna.kz Telegram

Nemolchi.kz қоры Алматыда 20 жастағы бойжеткен жеті қыздан құралған бандадан қашып кетті деген болжаммен терезеден секіріп, ауруханаға түскенін хабарлады, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Nemolchi.kz қоры Ұзынағаш ауылының 20 жастағы тумасы аяқ-қолы мен омыртқасының сынуы сынды ауыр жарақаттармен ауруханада жатқанын хабарлады. Қордың хабарлауынша, 16 мамырда  жеті қыздан құралған қылмыстық топ оны пәтерге шақырып, ұрып-соғып, 100 000 теңге пайда табу үшін бес ер адамға сексуалдық құлдыққа сатамыз деп қорқытқан. Қордың мәліметінше, қорлау мен зорлаудан құтылу үшін қыз үшінші қабаттағы терезеден секіріп, жарақат алған. Қор жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұрайды.

Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алмалы аудандық полиция бөліміне тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Объективті жағдайлар анықталған.

"Қазіргі уақытта іс жүргізу аясында жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында. – деді полиция.

Пікірлер