Алматыда The Spirit оf Tengri этникалық музыканың мерейтойлық фестивалі өтіп жатыр

644
Adyrna.kz Telegram
ақпарат, фото: almaty.tv
ақпарат, фото: almaty.tv

Алматыдағы Абай алаңында Орталық Азиядағы ең ірі заманауи этникалық музыка фестивалі - Тhe Spirit of Tengri өтіп жатыр.

Биыл фестивальға 10 жыл толды. Іс-шарада Алматы әкімі атынан қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова сөз сөйледі.

"Он жыл ішінде Алматының ең жарқын халықаралық мәдени жобасының бірі Тhe Spirit of Tengri фестивалі музыка әлемінде танымал брендке айналды. Ол әлемге Алматының бірегейлігі мен сан қырын, Қазақстанның достығы мен қонақжайлылығын танытып, мәдениет пен халықты жақындастырады", - деді Әсем Нүсіпова.

The Spirit Of Tengri этникалық музыка фестивалі жобаның негізін қалаушы әрі идеясын іске асырушы, белгілі медиаменеджер Батыр Қазыбаевты еске алуға арналған.

Фестиваль сахнасында 14 үздік музыкалық ұжым өнер көрсетіп,  әлемнің 12 елінің: Қазақстан, Италия, Иран, Гана, Сербия, Испания, Венгрия, Түркия, Үндістан, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстанның мәдени дәстүрлерін паш етеді. Барлық музыкалық қойылым жанды дауыспен, әсерлі декорациямен, түрлі-түсті лазерлік шоумен сүйемелденеді.

Абай алаңының аумағында фестиваль аясында Global Village жәрмеңкесі ұйымдастырылды, қонақтар қолөнершілердің бірегей бұйымдарын сатып алып, әлем халықтарының ұлттық тағамдарынан дәм тата алады. Фестивальдің ең кішкентай көрермендері үшін ойын алаңы жасалып, қазақтың ұлттық ойындарының сайыстар өткізіледі.

Пікірлер