Президент сайлауы 9 маусым

1468
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президентінің міндетін уақытша атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 13:00-де телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялады. Онда Тоқаев Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусым күні өтетінін жариялады.

Барлық жауапкершілікті мойнына ала отырып Президент алдағы сайлауда "Бұл сайлау таза, әділ, ашық  әрі шынайы өтетініне мен кепіл боламын" деді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы ел тізгінін қолға алғалы ел аралағанын, халықтың көңіл-күйін жақсы білетінін де атап өтті. Осы жолғы сайлауда "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып", жұрт болып жұмыла көтерейік деді.

Пікірлер