Керекуде жауған нөсерден шатыр опырылып түсті. Адамдардың зардап шеккені айтылды

1807
Adyrna.kz Telegram

Кереку қаласында нөсерлеген жаңбыр төгіп өтіп, қаланың инфрақұрылымына зиян келтіргені хабарланды. Екі ортада зардап шеккен тұрғындар бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Керекудегі табиғаттың тосын мінез танытуы хақында әлеуметтік желі белсендісі Есенбек Санатұлы хабарлады:

- Сел боп жауған жаңбырға Павлодардағы Артур сауда үйінің қабырғасы мен шатыры шыдас бермей опырылып түсті. Ол жанындағы жазғы кафе мен көптеген машиналарды басып қалған. Адамдар зардап шекті. Оқиға орнында жедел жәрдеммен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, - деді автор.

БАҚ-тың хабарлауынша, 1971 және 1975 жылы туған ер адам үйінді астында қалған. Қол, аяқтары сынып, бастан зақым алған. Екеуі де қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Орайы келгенде айта кетейік, ауа райын анықтайтын мамандар Қазақстанның көп аймақтарында күн күркіреп, жауын-шашын болатынын айтады. Кеше қатты жауған жауын салдарынан Алматы облысындағы жол шайылып, кей аймақтарда сел жүрді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер