Бұрқасын боран. Қарағанды ​​облысы тұрғындарына елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес берілді

1269
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды ​​облысының тұрғындары мен қонақтарына екінші күн қатарынан қарлы боранның қаупінен сақтанып, ұзақ сапарлардан бас тартуға және елді мекендерден тыс жерлерге шықпау ескертілуде, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жүргізушілерге ауа райы жағдайлары мен көлік қозғалысының шектеулері туралы SMS-хабарландыруларға назар аудару ұсынылады. Көліктер бұзылып, көмек қажет болған жағдайда, 102 нөміріне немесе полицияның кезекші бөліміне хабарласу қажеттігі айтылды.

Ал, облыстық полицейлер құтқарушылармен, еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауа райының қолайсыздығынан жолда қалғандарға көмек көрсетуде.

Ал Абай ауданында Қызылорда – Павлодар тас жолының 788-908-ші шақырымында Топар ауылына 55 жолаушы мінген автобус жеткізілді. Саяхатшылар мешіттерге орналастырылып, жылы тамақпен қамтамасыз етілді. Қазір облыста полицейлер мүмкіндігінше жақын маңдағы елді мекендерге көліктерге жол сілтеуде.

Пікірлер